Экология министрі азаматтарды жеке қабылдады

Экология министрі азаматтарды жеке қабылдады

Бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев азаматтарды қабылдау орталығында қабылдады.

Ведомство басшысы азаматтардың экологиялық заңнама нормаларын сақтау, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу, рұқсат етілмеген полигондарды жою, сондай-ақ атмосфераны көмірқышқыл газы мен метаннан тазарту жөніндегі ғылыми жобаны іске асыру туралы сұрақтарын тыңдап, жауап берді.

Айтылған проблемалық мәселелер бақылауға алынып, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы жұмыс кестесіне сәйкес жүйелі негізде өтетінін еске саламыз.