Экология министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Экология министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Шара барысында экология саласының бірқатар қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, сондай-ақ мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.

Жиын соңында Е.Нысанбаев барша қызметкерлерді Республика күнімен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке ретінде қалпына келтірілді.