
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Алматы облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу барысында оларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Өңір тұрғындарын экологияны сақтау, көгалдандыру, атмосфералық ауаның сапасы, экологиялық заңнаманы сақтау, өңірдегі қалдықтарды басқару және т.б. мәселелер қызықтырды.
Вице-министр тұрғындарға экологияны сақтау және дамыту саласындағы белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, сондай-ақ халықтан келіп түсетін өзекті мәселелер министрлік басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
М. Ошурбаев азаматтардың жеке қабылдауын өткізіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына брифинг барысында жауап берді.