Жапондық делегациямен кездесу

Жапондық делегациямен кездесу

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев Жапонияның Экономика, cауда және өнеркәсіп министрлігі Сауда саясаты департаментінің Ресей, Орталық Азия және Кавказ елдері басқармасының басшысы Х.Ишии бастаған жапондық делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде метан шығарындыларын азайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Вице-министр М. Ошурбаев қазақстандық тараптың өңірлік тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстанның «жасыл» жобаларына жапондық инвестициялар мен технологияларды тартуға мүдделі екенін білдірді.  

Климаттық саясат пен ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды, атап айтқанда, JCM (Бірлескен несие механизмі) аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ой бөлісіп, аталған механизм аясында бірқатар жобаларды іске асыруды жеделдету қажеттілігімен келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.