Экология министрлігінде азаматтарды жеке қабылдау өтті

Экология министрлігінде азаматтарды жеке қабылдау өтті

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Кездесу барысында вице-министр азаматтардың өтініштерін тыңдап, Министрлік жұмысының түрлі бағыттарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, атмосфералық ауаны көмірқышқыл газынан тазарту мәселелері, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы, сондай-ақ кәдеге жарату жинау тақырыбы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды жеке қабылдау Астана қаласындағы Министрліктер үйінде орналасқан азаматтарды қабылдау орталығында тұрақты негізде өтеді.