2025 жылғы 15 қазанда XII Азаматтық форум аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар және белсенді азаматтармен кездесуі өтті.
«Экология – жаһандық басымдық: XXI ғасырдың сын-қатерлері және азаматтық қоғамның рөлі» атты сессия барысында маңызды экологиялық мәселелер: топырақтың деградациясы, жабық тамыр жүйесін пайдалана отырып орман отырғызу, Каспийдің тайыздануы, сондай-ақ қалдықтарды басқару және фандоматтарды енгізу талқыланды.
Қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығына, қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтуға және экологиялық бағдарламаларды іске асыруға қоғамдық бақылауды күшейтуге ерекше назар аударды.
Министр азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайын екенін жеткізді.
Іс-шара өзекті экологиялық сын-қатерлерді талқылау және шешу жолдарын іздестіруге арналған маңызды алаңға айналды.