«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында мәжіліс депутаты, Экологиялық кеңестің төрағасы Бауржан Смағұловтың төрағалығымен кеңестің отырысы өтті.
Отырыста «Жасыл даму» акционерлік қоғамы 2022-2025 жылдар аралығындағы қызметінің нәтижелерін таныстырып, компанияның жұмысы «Amanat» партиясының «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттермен үндес екенін және экологиялық саладағы негізгі функцияларды орындап келе жатқанын атап өтті.
«Жасыл даму» АҚ парниктік газдар шығарындыларын реттеу, қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу және өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері тетігін іске асыру бойынша ұлттық оператордың функцияларын орындайды.
Парниктік газдар шығарындыларын реттеу аясында Париж келісіміне адалдық расталып, БҰҰ климаттық конференциясында Екіжылдық транспаренттік есебін ұсынған алғашқы елдердің қатарына енді. 3,41%-ға төмендетуді мақсат еткен ұлттық көміртек квоталары жоспарының жобасы әзірленді. 2024 жылы көміртек кадастрында 529 есеп тіркелді, оның 228-і ірі эмитенттерден. Негізгі шығарындылар электр энергетикасына (62%), металлургияға (16%) және мұнай-газ секторына (14%) тиесілі. Сондай-ақ 7 млн астам офсет бірлігі шығарылды, оның ішінде 38 ЖЭС және КЭС жобалары бойынша.
Компания иесіз қауіпті қалдықтарды жою жобаларын іске асыруда. Республикалық меншікке 17 нысан берілді, оның 6-уы жойылған, 2 нысан іске асырылған, 2 нысан жергілікті атқарушы органдарға берілген, 6 нысан жою кезеңінде, 1 нысан тексерілуде. Ақтаудағы АЗПМ аумағында 2023 жылы 121 түрлі қалдық, 2024 жылы 2, ал 2025 жылы 83 қалдық түрі жойылды. Осылайша сот шешімімен республикалық меншікке өткен қауіпті қалдықтардан бұл аумақ толық тазартылды. ПРООН/ҒЭҚ жобасы аясында ПХД-қалдықтарын көшіру жұмыстары жалғасуда. 2030 жылға дейін утилизациялық төлемдер есебінен республикалық меншікке қарасты барлық қауіпті қалдықтар толық жойылады деп жоспарлануда.
ӨКМ операторының функцияларын орындау кезеңінде кәдеге жарату төлемдер көлемі 1 473,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде 723,1 млрд теңге өндірушілерден, 531 млрд теңге импорттаушылардан және 219,2 млрд теңге бұрынғы оператордан келіп түскен. 2022-2025 жылдардағы шығындар 1 549,3 млрд теңге болды, оның ішінде 717 млрд теңгеден астамы отандық өндірушілерге қайтарылды, 604,6 млрд теңге өңдеу саласын қолдауға, 9,7 млрд теңге қалдықтарды басқаруға, 400 млн теңге экологиялық ағарту шараларына бағытталды. Бюджетке 174,7 млрд теңге аударылды, оның ішінде 128,9 млрд теңге салықтар және 45,8 млрд теңге дивидендтер. Бұл бұрынғы оператордың 6 жылда аударған сомасынан үш есе көп.
Үкіметтің тапсырмасына сәйкес 42,7 млрд теңге экологиялық мақсаттарға бөлінеді: оның 21 млрд теңгесі 45 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және жаңғыртуға, 11,9 млрд теңге 4 өңірдегі 7 нысандағы кеңестік кезеңнің иесіз қалдықтарын жоюға, 5 млрд теңге Қошқар-Ата қалдықтарын жоюға, 2,6 млрд теңге Арал теңізінің құрғаған табанын орман-мелиорациялауға және 1,8 млрд теңге Каспий теңізі бойынша ғылыми-зерттеу институтын қаржыландыруға бағытталады.
Кәдеге жарату төлемдерін өңдеу саласын тиімді қолдауда: жеңілдетілген несиелеу арқылы 13 мың жаңа автокөлік, лизинг бағдарламасы аясында 1 847 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, ал экологиялық автобустар паркін жаңартуға 45 млрд теңге бөлініп, 1 761 автобус алынды. 2026 жылға дейін ТҚҚ инфрақұрылымына 185 млрд теңге инвестиция салынып, сұрыптау және қайта өңдеу қуаттары артып, 5,1 мың жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ 150 млрд теңгеден астам қаржы арнайы техника мен көлік құралдарын жаңартуға, питомниктерге, өртті ерте анықтау жүйелеріне және гидрометеорологиялық қызметті жаңғыртуға бағытталады.
Үкімет қаулысы аясында ТҚҚ жобалары бойынша 339,8 млрд теңгеге 65 жоба ұсынылды, бұл бастапқы жоспарланған 185 млрд теңгеден 1,8 есе көп. «Жасыл даму» АҚ 20 жобаны 87,3 млрд теңгеге қаржыландырды, оның 4-уі 2024 жылы, 16-сы 2025 жылы іске асырылды. Қазір 12 жоба (23 млрд тг) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тарапынан мақұлданды, 13 жоба (82,2 млрд тг) сараптамада, ал 20 жоба (125,6 млрд тг) екінші кезеңге дайындалуда.
2024 жылғы 5 ақпаннан бастап қайта іске қосылған EcoQolday бағдарламасы қаптама мен автокомпонент қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы бизнесті қолдауға бағытталған. Қазіргі уақытта 74 келісімшарт жасалды: 46 - жинауға, 18 - қайта өңдеуге, 10 - толық цикл бойынша. 2024 жылы 10,3 мың тонна қалдық қайта өңделсе, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 19,1 мың тонна, жалпы 29,4 мың тонна қалдық өңделді. Қатысушыларға төлем көлемі 447,3 млн теңге болды. Мобильді қосымшаның іске қосылуымен 739 өтінім қабылданып, 2 618 тонна қалдық тапсырылды, 1 725 қалдық түзу субъектісі тіркелді.
«Жасыл даму» АҚ қоғамдық экологиялық бастамаларды белсенді қолдайды. Компания «Таза Қазақстан» эстафетасы мен «Таза бейсенбі», «Мектепке жол» акцияларына қатысады. 9 ұлттық парк қызметкерлерінің 120-дан астамы оқытылып, 109 контейнер және 13 модульдік бекет орнатылды, 700 мыңнан астам биоқалдық пакеттер таратылып, 9 бейнеролик түсірілді. 2026 жылы бұл жұмыс тағы 5 ұлттық паркті қамтиды. Астана мен Жезқазған мектептерінде 3 285 контейнер орнатылып, экологиялық мәдениет бойынша сабақтар өткізілді; бағдарлама 15 облыс орталығына дейін кеңейтіледі. Компания OrtaFest фестивалін, Дармарка экожәрмеңкелерін қолдайды және экологиялық конкурстарға қатысуға арналған EcoQolday мобильді қосымшасы арқылы EcoSummer 2025 жобасының серіктесі болып табылады.