ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен IRENA өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен IRENA өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA) халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат алдағы өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіруді көздейді, оның шеңберінде IRENA іс-шараға дайындалуға қолдау көрсетіп, Орталық Азия елдеріндегі климаттың өзгеруіне қарсы күресте тиімді тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу жөніндегі бірлескен күш-жігерді нығайтуға жәрдемдесетін болады.

Құжатқа қол қою рәсімі 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласында өтіп жатқан «Kazakhstan Energy Week – 2025» XVI KAZENERGY Еуразиялық форумы шеңберінде өтті. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен IRENA бас директоры Франческо Ла Камера қол қойды.