2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Ақсуорсимен және Ұлыбритания СІМ Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сара Купермен кездесуі өтті.
Тараптар қоршаған ортаны қорғау, атап айтқанда климаттың өзгеруі, метан шығарындыларын азайту, биоәртүрлілікті сақтау, сондай-ақ негізгі халықаралық іс-шараларға дайындық және қатысу мәселелерін талқылады.
Министр Британдық Тараптың назарын метан шығарындыларын азайту жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығына, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделудің негізгі шараларына аударды.
Сондай-ақ, Министр Британдық тарапты өңірлік экологиялық саммиттің белсенді қатысушысы және серіктесі болуға және сараптамалық және техникалық көмек көрсетуге шақырды.
Өз кезегінде, Елші С. Ақсуорси қазақстандық тарапты Ұлыбританияның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы және жалпы Орталық Азия өңіріндегі бағдарламалар мен жобалар туралы хабардар етті, сондай-ақ Министрді 2025 жылғы 16 қазанда Астана қаласында өтетін «Диалогтан іс-қимылға: Орталық Азиядағы әділ энергетикалық ауысуды жеделдету» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық сын-қатерлерді шешу бойынша тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.