Семинар барысында Қазақстанда метанды жағуды оңтайландыру бойынша жобаның қорытындысы шығарылды

Семинар барысында Қазақстанда метанды жағуды оңтайландыру бойынша жобаның қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Жаһандық жасыл өсу институтымен (GGGI) бірлесіп, Қазақстанда метанды жағуды оңтайландыру жөніндегі жобаның қорытындысын шығаруға арналған қорытынды семинар өткізді.

Жоба 2024 жылы басталды және ілеспе газды жағу көлемін азайту шараларын әзірлеуде маңызды қадам болды. Жұмыстың негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстанда ілеспе газды жағуды оңтайландыру жөніндегі жол картасын әзірлеу болды.

Семинардың мақсаты - Жол картасын қоса алғанда, жобаның негізгі нәтижелерін ұсыну және талқылау, сондай-ақ ұсынылған ұсынымдар мен оларды практикалық іске асыру жолдарын қарастыру. Жоба аяқталғаннан кейін газды жағу мәселесін шешудің келесі қадамдарына ерекше назар аударылды.

Семинар жұмысына GGGI өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ компаниялары қатысты.