Аталған құжатқа қол қою Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерін іске асыру мен Париж келісімінің мақсаттарын ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.
Меморандумға сәйкес тараптар метан жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу және іске асыру, метан мәселелері жөніндегі ұлттық офис құру, энергетика, ауыл шаруашылығы және коммуналдық-тұрмыстық секторларда метанның аса ірі шығарындыларын анықтау және мониторингтеу үшін спутниктік деректерді пайдалану, пилоттық жобалар мен тренингтер өткізу, сондай-ақ метан мәселелері бойынша өңірлік форум ұйымдастыру бағытында ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
Келісімдерді іске асыруға Clean Air Task Force және Carbon Mapper сияқты халықаралық әріптестер тартылып, олар техникалық және әдістемелік қолдау көрсететін болады.