Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың Ислам әлемі ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас хатшысы (ИСЕСКО) доктор Салим бин Мұхаммед әл-Маликпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында экология, тұрақты даму және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.
Қазақстан ИСЕСКО-ны маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, Министр ұйымды 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Тараптар саммит алаңдарында ИСЕСКО қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 10-шы конференциясын өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Тараптар сондай-ақ 2025 жылы Бразилияда өтетін БҰҰ РКИК тараптарының 30-шы конференциясына (COP30) қатысу мәселесін талқылады. Қазақстан бірлескен бастамаларды қалыптастыруға және халықаралық Климаттық келіссөздерде өңірлік мүдделерді ілгерілетуге белсенді қатысуға дайын екенін растады.
Сонымен қатар, өз сөзінде доктор Салим М. Әл-Малик экологиялық сын-қатерлерді шешу бойынша ғылыми және білім беру өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған ИСЕСКО факультетіне экология бағытын енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тарапынан қолдау алуға мүдделілігін білдірді.
Әңгімелесу барысында Министр Қазақстанның орман қоры аумағын ұлғайту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы және осы бағыттағы еліміздің жетістіктері туралы айтып берді. Бұл ИСЕСКО тарапынан оң пікірге ие болды және Сәлім Әл-Малик ұйымның африкалық қатысушы елдерімен Қазақстанның тәжірибесімен бөлісуді ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және тұрақты болашақты қамтамасыз ету үшін бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.