Автокөліксіз күн – «Велосипед күні»!

Автокөліксіз күн – «Велосипед күні»!

Құрметті достар!

Барлық студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді, сондай-ақ еліміздің тұрғындарын «Велосипед күні» акциясына қатысуға шақырамыз!

Күн аясында автокөлікті пайдаланудан бас тартып, университетке, жұмысқа немесе басқа да шаруаларыңызға велосипедпен баруды ұсынамыз. Бұл қадам мынадай нәтижелер береді:

✅ атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайтады,
✅ салауатты өмір салтын қолдайды,
✅ таза ауа мен табиғатты сақтауға қосқан жеке үлесіңізді көрсетеді.

Қосылыңыздар! Үлгі болып, басқаларға шабыт беріп, бірге қалаларымызды экологиялық таза, ал болашағымызды жарқын ете алатынымызды дәлелдейік.

Бірге «Таза Қазақстан» үшін - бірге экологиялық болашақ үшін!