ДДҰ-ның климат және денсаулық мәселелері жөніндегі арнайы өкілімен кездесу

ДДҰ-ның климат және денсаулық мәселелері жөніндегі арнайы өкілімен кездесу

Бүгін, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі ДДҰ-ның климат және денсаулық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Р. Батлермен кездесті.

Тараптар денсаулық, экология және климаттың өзгеруі тоғысындағы бастамаларды ілгерілетудегі Қазақстан мен ДДҰ-ның өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Бүгін біз қоршаған орта мен климат мәселелерін талқылайтын болсақ, оларды адам мен жануарлардың денсаулығынан бөлек қарау мүмкін емес», - деп атап өтті Министр.

Арал өңірінің экологиялық сын-қатерлеріне ерекше назар аударылды. Министр ДДҰ-ға қазақстандық тараптың Арал теңізінің құрғаған түбіндегі жұмысы туралы хабарлады.

Кездесу барысында Министр 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтетінін атап өтіп, ДДҰ-ны «Климаттың өзгеруінің денсаулыққа әсері» тақырыбында панельдік сессияны өткізуге қолдау көрсетіп, жәрдем көрсете отырып, саммиттің белсенді қатысушысы болуға шақырды. Ол сондай-ақ ДДҰ БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының «РЭС 2026: Орталық Азияның тұрақты болашағы туралы жалпы көзқарас» тақырыбындағы брифингіне қатысуды ұсынды. Қазақстанның Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, денсаулық және өнімділік мәселелеріне арналған Бразилияда СОР30 шеңберінде сайд-ивент өткізу жөніндегі бастамасы туралы айта келе, Министр ДДҰ-ның осы іс-шараға қатысуына үміт білдірді.

Робб Батлер мырза Атырау, Қызылорда, Арал және Астана қалаларында жылы қабылдағаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Ол жоғарыда аталған іс-шараларға қатысуға және 2026 Өңірлік экологиялық саммитінің бөлігі болуға дайын екенін білдірді. Әңгімелесу барысында ол ҚР ЭТРМ-ға ДДҰ, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы жол картасын одан әрі іс-қимылдың көпжақты жоспарлары бойынша әзірлеуге қатысуды және оны 2026 жылғы саммитте қарар түрінде ұсынуды ұсынды.

Сонымен қатар, Министр Е. Нысанбаев аталған Жол картасына енгізілетін іс-шараларды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Р.Батлер ДДҰ-ның бұл мәселеде қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен жалпы өңір үшін Тұрақты дамуды қамтамасыз етуде одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.