Шахталық метан және метан шығарындыларын анықтаудың заманауи спутниктік технологиялары мәселелері бойынша техникалық оқу семинары

Шахталық метан және метан шығарындыларын анықтаудың заманауи спутниктік технологиялары мәселелері бойынша техникалық оқу семинары

2025 жылғы 16-19 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) қолдауымен шахталық метан және метан шығарындыларын анықтаудың заманауи спутниктік технологиялары мәселелері бойынша техникалық оқу семинарын өткізеді.

Семинар жұмысына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығы, ЮНЕП-тің Орталық Азиядағы өңіраралық кеңсесінің басшысы, Қоршаған ортаны қорғау қорының (EDF), Carbon Limits ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның бейінді салаларындағы мүдделі тараптар қатысады.

Семинар бағдарламасына екі мамандандырылған модуль кіреді:

Шахталық метан - көмір шахталарында метанның түзілу процестері мен шығарындыларын, сондай-ақ оларды төмендетудің практикалық тәсілдерін зерттеу;

Метан шығарындыларын спутниктік анықтау-спутниктік деректерді талдаудың заманауи әдістерін, соның ішінде жаһандық карта жасау құралдары мен нүктелік кескін қалыптастыру технологияларын пайдалануды игеру.

Семинар Қазақстанның ғылыми және техникалық әлеуетін нығайтуға, метан шығарындыларын мониторингілеу және азайту тиімділігін арттыруға, сондай-ақ климаттық бастамалар саласындағы халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.