Озон қабаты-Жерді зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайтын атмосферадағы қорғаныс экраны. Оның жойылуы аурудың өсуіне, өнімділіктің төмендеуіне және экожүйелердегі жағымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Монреаль хаттамасына — озон қабатын қорғау жөніндегі халықаралық келісімге қол қою құрметіне БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 16 қыркүйекте атап өтілетін Дүниежүзілік озон қабатын қорғау күнін құрды.
Қазақстан 1997 жылы Монреаль хаттамасына қосылып, өзіне алған міндеттемелерін дәйекті түрде орындайды. Министрлік озонды бұзатын заттарды тұтынуды азайту, қауіпсіз технологияларды енгізу және экологиялық бақылауды күшейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Жақын арада Тоңазытқыш және климаттық жабдықтарды қайта өңдеу және құрамында ОБЗ бар қалдықтарды термиялық жою жөніндегі өнеркәсіптік кешен салу жөніндегі жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жоба осындай қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу жүйесін дамытуда және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуда маңызды қадам болмақ.