2025 жылғы 10 және 12 қыркүйекте «Жасыл даму» АҚ Ақтөбе, Ақтау және Көкшетау қалаларында қалдықтарды шығаратын компаниялар үшін офлайн-семинарлар өткізді. Іс-шаралар өңірлік әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, EcoQolday ақпараттық жүйесінің жұмыс қағидаттарын түсіндіруге бағытталды.
Семинарларға шамамен 100-ге жуық сала өкілдері қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және сұрыптауға жауапты компаниялардың басшылары мен мамандары қатысты. Негізгі назар ӨКМ операторы қаражатын пайдалану қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістерге, сондай-ақ өзара іс-қимыл, шарттарды рәсімдеу, есеп жүргізу және қалдықтарды қайта өңдеу үшін төлемдер алу мәселелеріне аударылды.
Ақтауда семинарға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов пен «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов сөз сөйледі. Ал Ақтөбе облысында Сәкен Шаймұрат, ал Ақмола облысында Шыныбай Бахтияр мен Әділет Есназаров сөз алды.
«Маңызды жаңалықтардың бірі - халыққа қызмет көрсететін қалдық шығаратын компаниялардың қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау жүйесін енгізуде қолдау алатын ұйымдар тізіміне енгізілуі. Мемлекет «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесе отырып, утильалым қаражаты есебінен жеңілдетілген қаржыландыру тетігі арқылы қабылдау пункттері, фандоматтар және арнайы контейнерлерді қамтитын қажетті инфрақұрылымның құрылуына ықпал етуде», – деді Нұржан Қабдолданов.
Қатысушылар EcoQolday жүйесі қайта өңдеу саласының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын, саланы барынша ашық әрі тиімді ететінін және компанияларды заманауи экологиялық тәжірибелерді енгізуге ынталандыратынын атап өтті.
«Жасыл даму» АҚ алдағы уақытта да EcoQolday жүйесін енгізу және насихаттау бойынша жұмыстарын жалғастырады, экологиялық бастамаларды белсенді қолдап, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытып, Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қоса береді.