«Мекорот» компаниясының өкілдерімен кездесу

«Мекорот» компаниясының өкілдерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың «Мекорот» компаниясының Бас директоры А. Лангпен кездесуі өтті. 

Әңгімелесу барысында тараптар су қауіпсіздігі және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Министр Израильдің суды тазарту, тұщыландыру және қайта пайдалану жөніндегі тәжірибесінің маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жобаларды, атап айтқанда, кәріз тазарту құрылыстары салу және қалаларды көгалдандыру үшін тазартылған суды пайдалану салаларында іске асыруға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша диалогты жалғастыру және өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мекорот - бұл елді сумен қамтамасыз ететін, оны таратумен, теңіз суын тұщыландырумен, ағынды суларды тазартумен және қайта пайдаланумен айналысатын Израильдің ұлттық су компаниясы.