Түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысымен кездесу

Түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысымен кездесу

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қ. Өміралиев мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, климат және экология саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары мен ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған орта, климат және экология мәселелері бойынша министрлердің екінші кездесуін өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Министр Е. Нысанбаев бұл іс-шараны 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит шеңберінде ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада өтетін ӨЭС шеңберінде іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.