2025 жылғы 6 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелді ауданында қалдырылған киік қалдықтары туралы тараған ақпаратқа байланысты келесіні хабарлаймыз.
Аталған фактіні тексеру мақсатында әкімдік пен ветеринария қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жедел түрде оқиға орнына жіберілді, ұша қалдықтары анықталған жоқ.
Аумақты тексерудің комиссиялық актісі жасалды.
Осылайша, ішкі бөліктерді одан әрі кәдеге жаратусыз кесу орнында қалдыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны және оны таратуға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілік қарастырылған.