Ақкөл орман шаруашылығына бару

Ақкөл орман шаруашылығына бару

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапары аясында Ақмола облысындағы Ақкөл орман мекемесіне барды.

Сапар барысында министр мекеменің қызметімен, орман питомнигінің және өртке қарсы станцияның жұмысымен, сондай-ақ орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу барысымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша Ерлан Нысанбаев өңірдегі орман шаруашылығының тиімділігін арттыруға, өртке қарсы инфрақұрылымды жетілдіруге және орман өсіруді дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.