Экология министрлігінде Конституция күніне арналған шара өтті

Экология министрлігінде Конституция күніне арналған шара өтті

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіби жетістіктері үшін орталық аппарат пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірқатар қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» медалімен марапатталды.

Экология министрі Е.Нысанбаев, марапатталушылардың мемлекеттік құрылымның нығаюына қосқан үлесінің айқын екенін атап, әрбір қазақстандық отбасына бейбітшілік пен бірлік, ал ерекшеленген қызметкерлерге кәсіби жетістіктерінің жалғасын табуын тіледі.