А. ж.29 тамыз күні Алматы қаласында «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Жиын барысында экология, табиғатты тиімді пайдалану және инновациялық шешімдерді енгізу саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.
Тараптар арасында мынадай басым бағыттар белгіленді:
- қоршаған ортаның жай-күйін зерттеу мен бақылауда суперкомпьютер мен жасанды интеллектті қолдану;
- атмосфералық ауаның, орман экожүйелерінің, биоәртүрліліктің жай-күйін, сондай-ақ заңсыз полигондарды мониторингілеу үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін қолдану;
- «Жасыл технологиялар» тізілімін қалыптастыру: ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері негізінде құрылған экологиялық қауіпсіз өндіріс технологиялары;
- табиғатты пайдалану, гидрология және т. б. бөлігінде кадрлар тапшылығын азайту үшін Министрлік мамандары мен ҚазҰУ ғалымдары арасында тәжірибе алмасу бағдарламаларын іске асыру.
Сонымен қатар, метан, парниктік газдар шығарындыларын бақылауға және азайтуға, табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылауға баса назар аударылды.
Жобаларды іске асыруға экология Министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, «Қазгидромет» РМК, «Жасыл даму» АҚ, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, сондай-ақ «Каспий теңізінің Қазақстандық ғылыми-зерттеу институты» КЕАҚ тартылмақ.