Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 25 тамызда «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес экология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Абаканов Елдос Нурболұлы («Электроэнергетиканы және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы) сайланды.
Қоғамдық кеңес шеңберінде қызмет бағыттары бойынша төрт комиссия құру жоспарлануда, олар: экология және климат жөніндe, қалдықтарды басқаруды жетілдіру мәселелері жөнінде, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мәселелері жөнінде, бюджет және жоспарлау жөніндегі.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес отырысында Қоғамдық кеңес ережесінің жобасы қаралды, оған ұсынымдар берілді.