«Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудың 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары

«Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудың 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында 2025 жылдың өткен алты айында 934 экологиялық шара ұйымдастырылды, оған 4,2 млн-нан астам адам қатысты. Өткен акциялар барысында 506 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 859,6 мың гектар аумақ тазартылды, 2,4 млн ағаш отырғызылды.

Айта кету керек, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд 369 млн. көшет, ал Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн. данасы отырғызылды. Өткен жылдың соңында Қазалы қаласындағы 33 га алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды, онда агротехникалық талаптарды ескере отырып, 10 га алаңда сексеуіл тұқымы егілді.

Ағымдағы жылы ауданы 15 га питомникті жобалау және Аралдың құрғаған табанында тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлер үшін өндірістік модульдер (контейнерлер) жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы экологиялық мәселелерді шешуге халықты тікелей араластыру мақсатында @TazaQazBot сервисі іске қосылды. Атлған платформа арқылы 17 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 15 мыңнан астамы орындалды.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі қалдықтармен жауапты жұмыс істеу екенін атап өткен жөн. Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі, бұл ретте оларды қайта өңдеу деңгейі өткен жылы 25,8%-ды құрады. Жағдайды жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар саласы бойынша 67 жоба мақұлданды. Қалаларда экобокстар мен фандоматтар орнатылуды.

Ағымдағы жылы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 2707 полигон тіркелді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай аз. Бүгінгі күні олардың 672 объектісі немесе 24%  жойылды.

Жоюдың жоғары пайызы Алматы – 100% (53), Қызылорда – 99% (112), Павлодар – 97% (165) және Қостанай облыстарында – 89 (67%) байқалады.

Қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін (қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, кәдеге жарату, шығару және көму), оның ішінде заңсыз полигондарды жою бойынша жеткіліксіз жұмыс үшін 87 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Таза Қазақстан» бастамасы халықты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық мәдениетке баулу, энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға үнемді көзқарас қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды одан әрі өңдеу үшін оларды бөлек жинау әдетін, патриотизмді, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған.