Экология министрі жануарларды қорғау күнін еске салды

Экология министрі жануарларды қорғау күнін еске салды

4 қазан - Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында бұл күні табиғатты қорғаушылар жануарларлардың адам алдында қаншалықты қорғансыз екенін еске салатынын жазды.

“Өкінішке қарай, жануарларға жасалатын қатыгездік, браконьерлік оқиғаларына жиі куә боламыз. Жағдайды өзгерту үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрлігіне "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын әзірлеуді тапсырды”,- делінген жазбада.

Министр қатаң адамгершілік сезімін қалыптастыру маңызды екенін түсінеді.

“Әрине, заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте салмайды. Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімдерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауға үйрету керек”,- деді М. Мырзағалиев.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні Қазақстанда 2009 жылдан бері аталып өтіледі.