Бүгін – Каспий теңізі күні

Бүгін – Каспий теңізі күні

12 тамызда Қазақстанда, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінде Каспий теңізі күні ретінде белгіленген. Бұл күн әлемдегі ең ірі тұйық су айдынының экожүйесін сақтауға  бағытталған.

2006 жылы 12 тамызда Тегеранда Каспий теңізі мен қоршаған ортасын қорғау туралы Негізгі конвенцияға қол қойылып, ол күшіне енді.

Айта кетейік, Каспий теңізіне шамамен 130 өзен құяды, олардың негізгі бөлігі – Еділ, Жайық (Орал), Терек, Кура, Сулак, Самур және Иран жағалауындағы шағын өзендер. Қазақстан аумағынан теңізге Жайық (Орал) өзені құяды.

«Қазгидромет» РМК теңіз деңгейіне жағалау бойындағы 10 теңіздік гидрометеорологиялық станция мен бекетте бақылау жүргізеді, ал су сапасын 50 жағалау нүктесінде (Солтүстік Каспийде – 22, Орта Каспийде – 28 нүкте) қадағалайды.

Қазақстан Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясын іске асыруға белсенді қатысады, ғылыми зерттеулерді  дамыта отырып, теңіздің орнықты болашағын қамтамасыз ету мақсатында көршілес елдермен ынтымақтастық орнатуда.