
Азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Абай облысында экологиялық заңнама нормаларын сақтау, елді мекендерді көгалдандыру, ҚТҚ полигондарын салу және Алматы қаласында атмосфералық ауа сапасы мәселелері бойынша келушілердің сұрақтарын тыңдап, жауап берді.
Іс-шара онлайн форматта өтті. Қабылдау барысында айтылған проблемалық мәселелер бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес жүйелі негізде өтеді.