2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман иелерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында Мемлекет Басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы талқыланды, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында орманды қалпына келтіру жұмыстары үшін көшет материалын питомниктерде өсіру мәселелері қаралды.