Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында экология, орман шаруашылығын дамыту, елді мекендерді көгалдандыру, атмосфералық ауаның сапасын бақылау және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Өңір тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты әрі нақты жауаптар алды.
Сапар аясында министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстарын білдірді.