2025 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттық күн тәртібі және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Әсіресе, 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте өткізілетін Орталық Азияның Өңірлік экологиялық саммитіне дайындық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Е. Нысанбаев ханым Раднарагчаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі лауазымына ресми кірісуімен құттықтап, тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді және БҰҰ-мен серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.