Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу полигоны құрылысының барысымен танысты.
Қызылорда облысында жылына орта есеппен 303 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) түзіледі, оның 30,1% - ы қайта өңделеді.
ҚТҚ жинау және әкету қызметтерімен қамтылған Қызылорда облысы тұрғындарының пайызы 71,5% құрайды.
Өңір бойынша әртүрлі кезеңдерде бөлек жинау 8 елді мекенде, ал сұрыптау 8 елді мекенде енгізілді.
Облыс бойынша ҚТҚ-ны бөлек жинаумен, сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын 17 кәсіпорын жұмыс істейді.
Бұдан басқа, «Жасыл Даму» АҚ арқылы Қызылорда облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша 9 кәсіпорын салу жоспарлануда.
Қызылорда облысының аумағында 145 ҚТҚ полигоны жұмыс істейді.
2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде Арал (Арал қаласы), Сырдария (Тереңөзек кенті) аудандарында және Қызылорда қаласында 3 полигон және 2 қоқыс сұрыптау кешені салынды.
Сондай-ақ, облыстың Арал (Сексеуіл кенті), Жалағаш (Жалағаш кенті), Шиелі (Шиелі кенті) және Жаңақорған (Жаңақорған кенті) аудандарында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені бар полигондар салу жоспарлануда.
Бүгін Экология министрі мен Қызылорда облысының әкімімен жаңа қалдықты сұрыптау зауытының капсуласы салынды.