Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ Үлгілік Ережеге сәйкес қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының сөз сөйлеуінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 7 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 5 - коммерциялық емес, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға мынадай құжаттарды жібереді:

1) Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы 28 наурыздағы үлгілік ережесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;

2) кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты бұзылулардың болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім береді.

Сонымен қатар, жұмыс тобының отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі.

Байқаушы болуға ниет білдірген адам байқаушы ретінде жұмыс тобының отырысына қатысу үшін мемлекеттік органға өтініш береді не 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін электрондық поштаға өтініш жібереді.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттың аты-жөні, оның өмірбаяны мен құжаттары қоса берілген байланыс деректері көрсетілген құжаттар 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі,8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, 430 каб., электрондық пошта мекенжайы: S.Bulkebaeva@ecogeo.gov.kz  Osmegpr@gmail.com бойынша ұсынылады (жіберіледі).

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7172) 74-27-98, 74-05-92.

Қосымша 1

Қосымша 2