2025 жылғы 20 маусымда Боннда (Германия), БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (SB62) көмекші органдарының 62-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орталық Азияға арналған Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалау кеңсесімен, Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп, аталмыш жаһандық алаңда алғашқы ресми сайд-ивент өткізді.
Кездесудің тақырыбы: "Өңірлік климаттық іс-қимылдарды жеделдету: 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммитке жол".
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев, COP29 келіссөздер тобының жетекшісі, Әзірбайжан СІМ Климаттық дипломатия департаментінің басшысы Эльчин Аллахвердиев және Қырғыз Республикасы Президентінің таулы аймақтарды дамытудың бес жылдығын іске асыру жөніндегі арнайы өкілі Динара Кемелова ханым құттықтау сөз сөйледі.
Панельдік сессия 2025 жылы Орталық Азияда (Самарқанд, Ашхабад, Душанбе, Бішкек, Астана) өткен өңірлік климаттық іс-шаралардың қорытындыларына, сондай-ақ метан жөніндегі жаһандық бастама және Париж келісімі (6-бап) сияқты бастамалар аясында ұлттық Климаттық басымдықтарға, қаржылық қажеттіліктерге және ынтымақтастыққа арналды.
Саммиттің бастамашысы ретінде Қазақстан өңірлік консультациялар сериясын іске қосуды, жобалық портфельді қалыптастыруды, ғылыми ынтымақтастық желісін құруды және өңір үшін климаттық қаржыландыру тетіктерін әзірлеуді қоса алғанда, дайындық бойынша ілгерілеуді ұсынды.
Іс-шарада өңір елдерінің бірлесіп әрекет етуге дайындығын аталып өтті және халықаралық қауымдастықты өңірлік бағдарламаларды қолдауға, бірлескен қаржыландыру мен технологиялық әріптестікке шақырды.
Өз кезегінде ЭЫДҰ, ЕҚДБ, Жапония, БҰҰ ЕЭК және ХЭА өкілдерін қоса алғанда, халықаралық сарапшылар Қазақстанның бастамасын қолдап, өңірлік қаржыландыру тетігінің, трансшекаралық ынтымақтастықтың және Орталық Азияның жаһандық климаттық процестерге қатысуының маңыздылығын атап өтті.