БҰҰ-ның климат мәселелері жөніндегі көмекші органдарының (SB62) 62-ші сессиясының аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі М.Ошурбаевтың БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы атқарушы хатшысының орынбасары Нұра Хамладжи ханыммен кездесуі өтті.
Кездесуде Париж келісімі бойынша міндеттемелерді іске асыру мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастық перспективалары талқыланды.