ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Даму Банкі Басқарма Төрағасымен кездесу өткізді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Даму Банкі Басқарма Төрағасымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Марат Елібаевтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында Банктің Жасыл климат қорында (ЖКҚ) аккредиттелу мәселелері мен бірлескен климаттық бастамаларды ілгерілету жайы талқыланды. Климатқа бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыт өңір үшін негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретіні атап өтілді.

Министр аккредиттеу үдерісінің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ЖКҚ өзара іс-қимыл аясында Министрліктің қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады.