Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында құрылған төмен көміртекті технологиялар Альянсының тең төрағасы атанып, Қытай компаниясымен бірге 22 елді біріктірген бастаманың жетекшілерінің бірі болды

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында құрылған төмен көміртекті технологиялар Альянсының тең төрағасы атанып, Қытай компаниясымен бірге 22 елді біріктірген бастаманың жетекшілерінің бірі болды

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы аясында құрылған төмен көміртекті технологиялар бойынша инновациялар мен ынтымақтастық Альянсының тең төрағаларының бірі атанды. Жаңа Альянс 22 елден 26 ұйымды – ғылыми, технологиялық және инвестициялық құрылымдарды біріктіріп, орнықты шешімдерді ілгерілетуге және жаһандық климаттық өзгерістерге қарсы іс-қимылды жеделдетуге бағытталған.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген ХЖТИЖО басқарма төрағасының м.а. Сәкен Қалқаманов: «ХЖТИЖО-ның тең төраға ретінде Альянсқа қатысуы – климаттық технологиялар мен “жасыл” инвестициялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы Орталықтың өсіп келе жатқан рөлінің айғағы. Біз технологиялар трансферіне және тұрақты қаржыландыру тетіктерін құруға, соның ішінде Қытай тарапы BRI елдеріндегі жасыл жобаларды қолдау үшін құруды жоспарлап отырған қорға қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті.

Альянстың басқару құрылымына Қытайдың XXI ғасыр күн тәртібін іске асыру жөніндегі әкімшілік орталығы мен Шанхай ғылым және технологиялар алмасу орталығы (SSTEC), сондай-ақ ХЖТИЖО мен Shanghai Electric Group тең төрағалар ретінде кіреді. Кеңес мүшелері қатарында Германия, Жаңа Зеландия, Болгария, Венгрия, Сауд Арабиясы, Түркия, Индонезия және Малайзия сынды елдердің 22 университеті мен технологиялық ұйымдары бар.

Альянстың құрылуы Париж келісімі мен БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруға елеулі үлес болып табылады.

Форум аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Жанеш Кейнмен екіжақты кездесу өтіп, Орталық Азия елдерінде ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, стартаптарды акселерациялау және климаттық жобаларды жүзеге асыру бойынша әріптестіктің келешегі талқыланды.