Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп 9-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауын өткізді. Ол өскелең ұрпақтың назарын жасыл қорды сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
Байқауға Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 22 оқушысы қатысты.
Қойылған шарттарға сәйкес әр мектептен қазақ және орыс тілдерінде бір жұмыс қабылданды, сондай-ақ, эссенің бірегейлігі, тақырыптың ашылуы, автордың жеке стилі мен сауаттылығы бағаланғанын атап өткен жөн.
Құрамына Министрлік қызметкерлері кірген конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
Бірінші орын – Қалдыш Айша, Астана қаласы әкімдігінің «Ж. Жабаева атындағы № 4 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК 9 сыныбының оқушысы;
Екінші орын – Маукен Айару, Астана қаласы әкімдігінің «№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицей» КММ, 10 сыныбының оқушысы;
Үшінші орын – Баймағамбетова Жанель, Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 гимназия» ШЖҚ МКК, 10 сыныбының оқушысы.
Жеңімпаздар Министрлік дипломдарымен, ал қатысушылар тұрақты экологиялық даму тақырыбына қызығушылық танытқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Экологиялық жауапты ұрпақты қалыптастыруға қосқан үлесі үшін барлық қатысушылар мен педагогтарға алғыс білдіреміз.