Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының атқарушы директормен кездесу

Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының атқарушы директормен кездесу

2025 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының (ОАӨТО) жаңадан тағайындалған атқарушы директоры Б.Маммедовпен кездесу өткізді.

Министр Б. Мамедовты қызметіне кірісуімен құттықтап, оның тәжірибесі мен көзқарасы ОАӨТО қызметінің жоғары нәтижелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруін, су ресурстарын тұрақты басқаруды, биоәртүрлілікті және трансшекаралық ынтымақтастықты қоса алғанда, Орталық Азияның өзекті экологиялық сын-қатерлерін талқылады. өңірлік бастамалар мен жобаларды іске асыруда Қазақстан мен ОАӨТО арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.

Е. Нысанбаев ОАӨТО -ны өңірлік жобалар пулын қалыптастыруға, сондай-ақ Жасыл климаттық қормен бірлесіп климаттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Б.Маммедов ОАӨТО атқарушы директорын сайлауда көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі өңірлік платформасы ретінде орталықтың рөлін күшейту үшін бірлескен ынтымақтастықта әзірлігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Орталық Азияның тұрақты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірлескен іс-шаралар мен жобалық ұсыныстарды дайындау бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.