
Халықаралық балаларды қорғау күні мен Эколог күні қарсаңында "Қазгидромет" РМК СҚО филиалының экологиялық зертханасында Петропавл қаласының түрлі мектептерінен келген оқушылар мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің (химия кафедрасы) студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді.
Шараны "Қазгидромет" РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалымова құттықтау сөзбен ашты.
Одан кейін балаларға филиалдың химиялық зертханасына экскурсия ұйымдастырылды, онда олар экологиялық мониторинг жұмысының зертханада қалай жүргізілетінін өз көздерімен көріп, тәжірибе жүзінде танысты.
Іс-шара аясында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылды. Балалар үшін "Жас эколог — планетаны құтқарушы" атты викторина, құрал-жабдықтардың таныстырылымы, су сапасын зерттеу тәжірибесі және "Қалдықтарды сұрыптау" атты экологиялық байқау ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.