
2025 жылғы 30 мамырда Душанбе қаласында мұздықтарды сақтау жөніндегі халықаралық конференция аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев пен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Селесте Саулоның қатысуымен екі жақты кездесу өтті.
Кездесуде ДМҰ-ның Қазақстанның 2026 жылы өңірлік экологиялық саммит өткізу жөніндегі бастамасын қолдау, сондай-ақ өңірлік платформа құру арқылы ынтымақтастықты күшейту мен Орталық Азия елдерінің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.