Климаттың өзгеруі бойынша тақырыптық сессия

Климаттың өзгеруі бойынша тақырыптық сессия

Е. Нысанбаев Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының басшыларымен бірлесіп Азия Даму Банкі ұйымдастырған Орталық және Батыс Азия өңіріндегі Климаттың өзгеруі, мұздықтар және трансшекаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша әріптестік жөніндегі тақырыптық сессияға қатысты.

Бұл сессияда мұздықтарды сақтау және кеңірек тұрақтылықты арттыру бойынша инвестициялар мен іс-қимылдарды қолдаудағы өңірлік платформалардың рөлі туралы мәселелер талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, COP-29 аясында Бакуде Қазақстан "Климаттың өзгеруі, мұздықтар және трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріндегі серіктестік" туралы бірлескен Декларацияға қол қойды.