ХТҚО-ның Бас директорымен екіжақты кездесу

ХТҚО-ның Бас директорымен екіжақты кездесу

Халықаралық табиғатты қорғау одағының Бас Директоры Доктор Гретель Агилармен екіжақты кездесу өтті.

Шара аясында тұрақты дамуды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Қазақстан  IUCN және халықаралық Климаттық бастама (IKI) жобасы іске асырылатын Орталық Азиядағы бес елдің бірі— біздегі тақырып -"Орталық Азия табиғатын қорғаудың тиімді жүйелерін шоғырландыру арқылы пайда болатын зооноздарға ланшафттың иммунитетін арттыру", оны  Германияның Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау, ядролық қауіпсіздік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Федералды министрлігі (BMU) қолдаған.

Жоба эпидемиялық тәуекелдің негізгі себептерін жоюға, еліміздің, сондай-ақ  бүкіл өңірдің ерекше қорғалатын және негізгі табиғи аумақтары желісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жобаның нәтижелері ЕҚТА ұлттық жүйесін дамытуға, жануарлар дүниесін басқаруды жетілдіруге және трансшекаралық табиғатты қорғау ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосады. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы жобаны іске асыру жөніндегі IUCN ресми саяси серіктесі.