ҚР Экология Вице-министрі Мансұр Ошурбаев Стокгольм институтының қоршаған орта жөніндегі өкілімен жұмыс кездесуін өткізді

ҚР Экология Вице-министрі Мансұр Ошурбаев Стокгольм институтының қоршаған орта жөніндегі өкілімен жұмыс кездесуін өткізді

2025 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Мансур Ошурбаевтың Стокгольм қоршаған орта институтының (SEI) өкілі Джейсон Уилямспен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында ұлттық деңгейде айқындалатын салымды (ҰДАҮ3.0) дайындаудың негізгі аспектілері, шығарындылар саудасы жүйесін дамыту және Париж келісімінің 6-бабы бойынша Қазақстанның халықаралық көміртегі саудасына қатысуы талқыланды.

Вице-министр Қазақстан ҰДАҮ 3.0-ді мемлекеттік климаттық саясатты іске асырудың тірі платформасы ретінде қарастыратынын атап өтті. Нақты, қаржылық жағынан қамтамасыз етілген және институционалды түрде күшейтілген декарбонизациялық бастамаларды құру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында тараптар сценарийлерді модельдеу тәсілдері, аралық және қорытынды нәтижелерді ұсыну мерзімдері, сондай-ақ жобаның сәтті іске асырылуына әсер етуі мүмкін тәуекелдер туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады. Вице-министр SEI командасын Қазақстандағы тамыз айындағы жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға шақырды, онда ҰДАҮ 3.0 бойынша жұмыс қорытындыларын ұсыну жоспарлануда, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Климаттық сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктеріне назар аудара отырып, COP30 алаңдарында бірлескен іс-шара ұйымдастыруды ұсынды.