Табиғи ғылымдар жөніндегі Бас директордың орынбасарымен кездесу

Табиғи ғылымдар жөніндегі Бас директордың орынбасарымен кездесу

ЮНЕСКО-ның Табиғи ғылымдар жөніндегі Бас директордың орынбасары Лидия Артур Бритомен екіжақты кездесу өтті.

Е. Нысанбаев 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке дайындық шеңберінде өткізілген Төртінші өңірлік консультацияны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ерекше ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның мұздық көлдердің жарылу қаупін азайтуға бағытталған жобаға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Аталған жоба аясында Қазақстанда Талғар өзені алабында ерте ескерту жүйесі енгізілуде, оқыту жұмыстары жүргізіліп, мұздық көлдердің атласы әзірленуде.