БҰҰ-ның Қоршаған орта бағдарламасы Еуропа аймақтық бөлімінің директорымен кездесу

БҰҰ-ның Қоршаған орта бағдарламасы Еуропа аймақтық бөлімінің директорымен кездесу

Душанбе қаласында өткен конференция аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев пен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Еуропалық өңірлік бөлімшесінің директоры Арнольд Крейлхубер арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында қазіргі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты кеңейту жоспары, сондай-ақ 2026 жылы өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, бірлескен бастамаларды іске асыру үшін берік негіз қалайды.