
Ашылу рәсіміне Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ 80 елден келген делегация басшылары мен сарапшылар қатысты.
Конференцияның ашылуында делегация басшылары мұздықтардың экономикалық және экологиялық маңыздылығын, жаһандық «су мұнараларының» сарқылуын, мұздықтардың бақылау тарихындағы ең жедел шегінуін және мұздықтардың еруі салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуін атап өтті.
Өз сөзінде Е. Нысанбаев мұздықтардың еруіне қатысты өзекті мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды және 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит аясында климаттық тәуекелдерге қатысты Өңірлік жоспар қабылдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.