Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Гиогемен кездесуі

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Гиогемен кездесуі

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министр Е. Нысанбаевтың Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Гиогемен кездесуі өтті.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі Қазақстанның 2025 жылғы 9-13 маусым аралығында Ниццада Франция мен Коста-Риканың бірлескен төрағалығымен өтетін БҰҰ-ның Мұхит жөніндегі үшінші конференциясына (UNOC3) қатысуы болды. Қазақстан теңізге шығудың жоқтығына қарамастан, жаһандық мұхит күн тәртібіне белсенді қатысуға ниетті.

Министр бұл конференцияға Қазақстаннан өкілді делегацияның қатысуы жоспарланып отырғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Министр қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын одан әрі дамытуға үміт білдірді.

Кездесу соңында министр 2026 жылы Қазақстанда ҚР Экология министрлігі ұйымдастыратын өңірлік Климаттық саммит өткізу жоспарлары туралы хабардар етті.

Саммит Орталық Азиядағы климаттық ауысуды, азық-түлік қауіпсіздігін және орнықты дамуды талқылау үшін маңызды платформа болады деп күтілуде.