Жетісу өңіріндегі Жоңғар Алатауы ұлттық паркі аумағында генетикалық материал ретінде әлемді мойындатқан Сиверс алмасы орман алқаптары 3800 гектар жер көлемін алуда, бұл еліміз бойынша қызыл кітапқа енген жеміс түрінің ең көп шоғырланып өскен аумағы.
Бор дәуірінен осы күнге дейін сақталып келген жабайы алманың 40-қа жуық түрі ұлттық парк территориясында ерекше қорғауға алынған.
«Биіктігі 6-8 метрге жететін жеміс ағашының гүлдері ірі, түсі ақ немесе сұр-қызғылт. Бұл өте әдемі көрініс. Орман қоры үлкен аумақты алып, тау бөктерінде орналасқандықтан, құдды бір қызғылт кілем төселгендей көрінеді. Сиверс алма ағашының гүлдеуі сәуір-мамыр айларына келіп, осы уақытта керемет табиғат көрінісін тамашалау үшін ұлттық парк туристер саны артады. Шетелдік азаматтар да келеді. Гүлдеу кезеңінің орта уақытында, шамамен мамыр айларының басында 2018 жылдан бері фестиваль өткізіп келеміз. Мақсатымыз қорғауға алынған жеміс түрімен таныстыру», - деп атап өтті Жоңғар Алатауы ұлттық паркі директорының орынбасары Т.Қасымханова.
Аязға төзімді, климаттық жағдайларға бейімді. Дәл осы ерекше қасиеттеріне қарай, Сиверс алмасы генетикалық қор ретінде өте бағалы. Жабайы ағаш түрін сақтау үшін ұлттық паркте арнайы ғылым бөлімі қызмет етеді, сондай-ақ Алматы және Талдықорған қалаларындағы ғылыми институттармен бірлескен жұмыстар атқарылады. Сиверс алмасының өсетін аумақтарында қорықтық күзет режимі белгіленген, яғни жеміс ормандарының табиғи экологиялық тепе-теңдігін бұзатын барлық шаруашылық қызметке тиым салынған.
Ал, көрем деуші туристерге арналған арнайы «Ғылыми-танымдылық туры» маршруты құрастырылған. Бұл бағыт жабайы жемісті Сиверс ағашының өсетін жерлерімен өтеді.
Фото: Ернұр Манапқан