Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафалды Дуартенің Қазақстанға миссиясы аясында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев келді. Сапардың мақсаты жаңартылатын энергия көздері саласындағы Жасыл климат қоры қаржыландырған Қазақстандағы алғашқы жоба "Саран" күн электр станциясына бару болды.
Жоба Еуропалық Қайта Құру және даму банкі бірлесіп қаржыландыруды қолдау аясында іске асырылуда, қуаттылығы 100 МВт, тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға жәрдемдеседі.
Іс-шараға ЕҚДБ Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Өзхан, Қарағанды облысы әкімдігінің және Халықаралық жасыл технологиялар орталығының өкілдері қатысты.
Министр Ерлан Нысанбаев көміртекті бейтараптық мақсаттарына қол жеткізу үшін мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше: “Жоба Қазақстанның тұрақты энергетиканы дамытудағы әлеуетін және өңірлік, ұлттық деңгейде Климаттық жобаларды одан әрі масштабтау мақсатында Жасыл климаттық қормен ынтымақтастықты күшейту қажеттілігін көрсетеді".
Мафалды Дуартенің сапары Қазақстан мен Жасыл климаттық қор арасындағы байланыстарды нығайтудағы, сондай-ақ елдегі "жасыл" энергетиканың тұрақты дамуын ілгерілетудегі маңызды қадам болды.